Гран-При. Қазақстан көш бастап тұр
Елордамызға келген спортшылар 14 салмақ дәрежесінде (ерлер арасында да, әйелдер арасында да жеті салмақтан) бақ сынайды. Байрақты бәсекелер ішінде Гран-При турнирінің маңызы жоғары. Өйткені, бұл турнир Олимпиада ойындарының лицензиялық сыны болып табылады. Яғни, «Сарыарқа» велотрек кешеніндегі белдесулердің қорытындысы бойынша балуандар еншісіне ұпай жазылатын болады. Ол ұпайлар 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алуға септігін тигізеді. Жарыс барысында шетелдік кей спортшылардың ұпай иелену үшін федерация көмегінсіз, қаржыларын қалтасынан шығарып келгеніне де көз жеткіздік.
Бірінші күнгі әйелдер арасында 48, 52, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде, ерлер сынында 60 және 66 келіге дейінгі жеңімпаздар анықталғаннан кейін, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы алда тұр. Алғашқы үш жүлдесі де жерлестерімізбен бірдей, тек бесінші орыны жоқ моңғгол дзюдошылары екінші орынға жайғасқан. Үштікті 1 алтын 1 қоламен Жапония спортшылары қорытындылап отыр.
48 келіге дейінгі салмақтағы (әйелдер) жүлдегерлер
-48 kg
1.
GALBADRAKH, Otgontsetseg
(MGL)
BRIGIDA, Nathalia
(BRA)
MOSCATT, Valentina
(ITA)
SAHIN, Ebru
(TUR)
60 келіге дейінгі салмақтағы (ерлер) жүлдегерлер
-60 kg
1.
SMETOV, Yeldos
(KAZ)
DASHDAVAA, Amartuvshin
(MGL)
GANBOLD, Kherlen
(MGL)
TELMANOV, Askhat
(KAZ)
52 келіге дейінгі салмақтағы (әйелдер) жүлдегерлер
-52 kg
1.
RAMOS, Joana
(POR)
LEGENTIL, Christianne
(MRI)
COHEN, Gili
(ISR)
VALENTIM, Eleudis
(BRA)
66 келіге дейінгі салмақтағы (ерлер) жүлдегерлер
-66 kg
1.
HASHIGUCHI, Yuuki
(JPN)
SMAGULOV, Zhansay
(KAZ)
MIYAZAKI, Ren
(JPN)
SEIDL, Sebastian
(GER)
57 келіге дейінгі салмақтағы (әйелдер) жүлдегерлер
-57 kg
1.
KARAKAS, Hedvig
(HUN)
FILZMOSER, Sabrina
(AUT)
QUINTAVALLE, Giulia
(ITA)
SMYTHE DAVIS, Nekoda
(GBR)
Жалпыкомандалық есеп
Nation
1st place
2nd place
3rd place
5th place
7th place
1.
Автор: Өмірбек Сансызбай
Сурет: Мassaget.kz