Головкиннің промоутері Уордпен кездесуге қоятын шарттарын атады
"Головкин қазір А жағында, - деді Леффлер. - Ол Уордпен 50-50 шартында кездесуге дайын. 160 фунттағы үздік боксшы мен 168 фунттағы үздік спортшы 164 фунтта кездесіп, ортақ шешімге келуге болады. Дегенмен, Уордқа аралық жекпе-жектер көбірек керек".
Айта кетейік, өткен айда ақпарат құралдарында Головкин мен Уордтың бірін-бірі айыптаған сөздері жарияланды. Уорд Головкиннің атын атамауды шешкенін, себебі оның командасы бастапқы кезде батыл сөйлеп алып, кейін өз сөзінен айнып қалатынын айтқан. Алайда қазақстандық боксшы америкалықтың бұл іске атақ үшін барғысы келгенін атап өтті.