Головкиннің келесі қарсыласы Питер Куиллин болуы мүмкін
Алайда осы тұста бір маңызды мәселе бар. Куиллин негізінен HBO арнасының басты бәсекелесі Showtime телеарнасында өнер көрсетеді. Сондықтан жекпе-жек тек екі жақты келісімнің нәтижесінде ғана жүзеге асуы тиіс. Мұндай қос алып телеарнаның арасындағы текетірес бокс әлемінде бұрыннан келе жатқан бас ауыртар мәселе. Бірақ олардың көбінде екі жақ өзара тиімді келісім жасап қана шешім тауып жатады. Мысалы кезінде әлемді аузына қаратқан аса ауыр салмақтағы Майк Тайсон мен Леннокс Льюис арасындағы кездесу де қос арнаның біраз уақыт келісімнен кейін ғана жүзеге асқан еді. Ол кезде де Тайсон Showtime атынан шықса, ал Льюистің HBO-мен келісімі болды.
Енді Куиллиннің мансабындағы көрсеткіштеріне келсек. Ол осы күнге дейін кәсіби рингте 28 кездесуге шығып, оның барлығында да жеңіске жеткен. Оның 20-ын нокаутпен ұтқан. Ал Головкинде 27 кездесу және 24 нокаут. Бірде-бір жеңіліс жоқ.
Осы тұста айта кету керек, көпшілік жанкүйер және бокс мамандары Головкин мен Мартинестің кездескендігін қалайтыны белгілі. Алайда аргентиналық әзірше жарақатынан емделу үстінде. Оның үстіне осыған дейін хабарлағанымыздай, Маклинмен болған кездесуден кейін оның промоутері өз боксшысына (Серхио Мартинес) Головкинге қарсы кездесуге шығуға кеңес бермейтінін де айта кеткен болатын.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: allboxing.ru