Головкиннің қарсыласы өзгерді

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент

Ертеректе хабарлағанымыздай, Головкин ганалық былғары қолғап шебері Осуман Адаммен кездесу керек еді. Дегенмен Геннадийдің бапкерлері бұл кездесуден бас тартып, қарсыласын өзгерткен екен. Енді 30 жасар отандасымыз бен WBA тұжырымының 2009-2010 жылдардағы чемпионы арасындағы кездесу 30 наурыз күні Монте-Карлода өтетін болып белгіленді. Сондай-ақ, Головкин және Ишида жекпе-жегі осы кештің басты кездесуі болмақ.

Айта кетейік, отандасымыз кәсіпқой бокс рингіне 25 рет шығып, барлық кездесуінде жеңіске жеткен. Ал Ишида 34 мәрте ринг төріне шығып, оның 24-інде жеңіске жетсе, 8 кездесуінде жеңіліп қалған. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама