Головкиннің жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Фото ©️ tengrinews.kz

Бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 4.00-де басталады. Головкин мен Шереметаның жекпе-жегінің басталуы таңғы сағат 07.00-ге жоспарланған. Қазақстанда бокс кеші екі телеарнадан тікелей эфирде көрсетіледі. Qazaqstan мен Qazsport арналары тікелей трансляцияны таңғы 04.00-де бастайды. Ал ақылы түрде DAZN платформасынан көруге болады.

Жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында Головкин жекпе-жекке дайындық туралы айтты.

"Негізінде, осы жылы болып жатқан оқиғаларды ескере отырып, маған бейімделуге көп уақыт болды. Команданың арқасында біз оқу-жаттығу жиынында жақсы дайындалдық. Өзімді жақсы сезініп тұрмын және жақсы жекпе-жек өткізуге дайынмын деп ойлаймын", - дейді ол.

Камил Шеремета Головкинмен шайқаста украиналық Сергей Деревянченконың тактикасын қолдануды жоспарлап отырғаны белгілі.

"Ол кезде Сергей өте жақсы жекпе-жек өткізді. Мен жекпе-жектің видеосын өте мұқият зерттедім", - дейді Шеремета.

Болжамдарға келетін болсақ, сарапшылар жекпе-жектің қанша уақытқа созылатыны Головкинге байланысты дейді.

19 желтоқсанда АҚШ-тың Флорида штатында Геннадий Головкиннен бөлек Али Ахмедовтың қатысуымен де бокс кеші өтеді. Ол орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін эквадорлық Карлос Гонгорамен жұдырықтасады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама