Головкиннің бапкері бокс әлемінде үздік тәлімгер атанды

Жас Исакаев Корреспондент
Фото ©️ sport-xl.org

Басылым бұл таңдауын былай деп түсіндіреді: "2015 жыл Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяоның дәуірінен Геннадий Головкиннің дәуіріне өту кезеңі болды. Қазақстандық боксшы екі жыл бұрынғысына қарағанда рингте күштірек, техникасы жетіліп, ақылды бола түсті. Бұл Санчестің жетістігі", - делінген басылымда. 

Осыған дейін Головкин өз мансап жолында Абель Санчестің маңызды роль атқаратынын атап өткен болатын. "Менің бапкерім кәсіби мәнерімнің маңызды бөлігі. Мен онымен бес жыл бұрын Big Bear-те бірге жұмыс істей бастадым және содан бері өзімді жайлы сезінемін. Кәсіби мәнерімді қалыптастыруда көмектескен де сол, менің стилім - "мексикалық стиль", бұл стиль Хулио Сезар Чавесте және мексикалық басқа да ұлы чемпиондарда бар. Абель ұлы адам әрі ұлы бапкер. Мен бастапқы кезден-ақ Big Bear-де, жаттығу залында өзімді жайлы сезіндім. Бұл мен үшін - жаттығуға лайықты орын. Мен тауға шыққанды жақсы көремін, алаңдамай, жаттыға бергім келеді, бұл менің дайындығыма жақсы әсерін тигізеді", - деген еді боксшы.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама