Қазақстандық кәсіпқой боксшыГеннадий Головкинніңсалмағында WBO чемпиондық атағына иеБилли Джо Сондерс(26-0, 12 КО) допингқолданғаны үшін чемпиондық атағынан айырылды. Британдық боксшының допинг сынамасы оң нәтиже бермегені осыған дейін белгілі болған. Қанынан төзімділікті арттыратын оксилофрин бары анықталған еді. Нәтижесінде Массачусетс штатының атлетикалық комиссиясы (MSAC) боксшыға лицензия берген жоқ. Билли Джо Сондерсдопинг қанына мұрынға тамызатын дәрі арқылы түскенін айтып ақталды. Дегенмен боксшыға мұны дәлелдеу үшін уақыт та жеткіліксіз болды. 20 қазан күні америкалықДеметриус Андрадемен(25-0, 16 КО) жұдырықтасуы керек болатын.Бұл жекпе-жек өтпейтін болды. Британдық боксшының орнына намибиялық Уолтер Каутондоква(17-0, 16 КО) шығады. Қай жеңгені орта салмақта Сондерстен кеткен чемпиондық атақты иеленеді. - Билли Джо Сондерс орта салмақта WBO чемпиондық атағынан өз еркімен бас тартты. Массачусетс спорттық комиссиясының антидопинг ережесін бұзғаны үшін жұрт алдында кешірім сұрады. 20 қазан күні америкалықДеметриус Андраде(25-0, 16 КО) мен Уолтер Каутондоква(17-0, 16 КО) иесіз қалған чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады. Одан өзге WBO атқарушы комитетіне боксшыны жарты жыл жекпе-жектерден шеттетуді ұсынамын, - деді WBO басшысы Франсиско Пако Валькарсел. Британдық боксшы WBO чемпиондық атағын 2015 жылы Манчестерде Энди Лиді жеңіп иеленген еді. Одан кейін үш жекпе-жекте сәтті қорғаған-ды. Бірнеше рет Геннадий Головкинмен абсолютті чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өтеді деп күтілген. Алайда қос тарап боксшылардың кездесуіне келісе алмаған еді.