Қазақстандық кәсіпқой боксшыГеннадий Головкинніңсалмағында WBO чемпиондық атағына иеБилли Джо Сондерс(26-0, 12 КО) допинг дауына ілікті. Бұл туралы ESPN басылымы хабарлады. БАҚ ақпараты бойынша британдық боксшының допинг сынамасы оң нәтиже бермеген. Қанынан төзімділікті арттыратын оксилофрин бары байқалған. Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) 20 қазан күні америкалықДеметриус Андрадемен(25-0, 16 КО) жұдырықтасуы керек болатын. Бұл жекпе-жек өтпеуі мүмкін. Сондай-ақ британдық боксшы чемпиондық атағынан айырылуы да ғажап емес. Ақпаратқа қатысты боксшы twitter желісінде жазба қалдырып, допинг қолданбағанын жеткізді. - Мен қаным түгіл сүйегіме дейін допингтен ада боксшымын. Мені қолдаған жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Барлықтарыңызға рақмет, - деп жазды боксшы. Айта кетейік, Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) Геннадий Головкинге қарсылас атануы мүмкін боксшылардың бірі болатын.