Головкинді жеңуі мүмкін боксшылардың тізімі жасалды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Tofight.ru басылымы жасаған үздік бестікке франциялық боксшы Хассан Н'Дам Н'Жикам, америкалық боксшылар Питер Куиллин мен Остин Траут, ирландиялық Энди Ли және пуэрторикалық Мигель Котто енді.

Головкин ағымдағы жылы британдық боксшы Мартин Мюрреймен жекпе-жек өткізеді. Кездесу 21 ақпан күні Монакода өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, жерлесіміз Геннадий Головкин кеше ғана Round by Round Boxing Magazine журналының қаңтар айында шыққан санының мұқабасына шықты. Электрондық нұсқасын басылымның сайтынан көруге болады. Мақала «2015 жыл неліктен «жақсы баланың» жылы болады?» деп аталады. 

Сурет: ruboxhd.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама