Головкин-Уорд жекпе-жегіне қатысты келіссөздер тығырыққа тірелді - БАҚ
BoxingScene ақпарат құралының мәліметінше, Roc Nation Sports (Уордтың тарапы) пен K2 Promotions (Головкин) келісе алмай жатыр. Келіспеушілік боксшылардың дене салмағына байланысты болып тұр.
"Уордтың Головкинмен жұдырықтасқысы келеді, бірақ салмақ мәселесі шешілмей жатыр", - деп жазады басылым.
Айта кетейік, ағылшын боксшысы Карл Фроч, кіші Чавес сынды мықтылармен 76,2 келі салмақта жұдырықтасуға келісім берген, ал қазақстандық боксшының салмағы одан төмен болғандықтан, Уордпен кездесуге отандасымыздың командасы аса қатты құлшыныс білдіріп отырған жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшысы кіші Флойд Мейвезердің әкесі әрі бапкері үлкен Флойд Мейвезер Андре Уордты Головкинді "жоқ қылатын" боксшы деп атаған. "Менің ойымша, Андре Уорд оны "ұнтақ" қылып жібереді! Андре Уорд оны оңай жеңер еді, себебі, Головкинде ондай икем жоқ. Ал Андре Уордта нағыз шеберлік бар, оның боксерлік дарыны тура менің ұлымдыкіндей, бәлкім асып түспейтін шығар, бірақ деңгейі менің ұлымдыкіндей. Сондықтан, ол GGG-ді тұлға айналдырады", - деді үлкен Мейвезер.