Головкин шілде айынан кейін орта салмаққа қайта оралмақ

Болат Қосмағамбет Корреспондент

«Головкин осы кездесу үшін ғана біршама салмақ (168 фунтқа дейін) қоспақшы. Себебі – бұл Чавестің командасының қойып отырған талабы. Бірақ Геннадийге өзін орта салмақтағы үздік боксшы екенін дәлелдеу үшін көп тер төгу қажет»,-деп жазады Леффлер сөзіне сілтеме жасаған Вoxingscene.

«Қазір біздің алдымызда тек аргентиналық Серхио Мартинестің бар екенін білеміз. Алайда біз Головкиннің орта салмақтағы ең үздік атлет екеніне барлығының көзін жеткізгіміз келеді. Оны дәлелдеудің бірден-бір жолы қос боксшыны шаршы алаңда кездестіру»,-дейді Леффлер.

Том Леффлердің сөзінше, оның командасы жоспарланған кездесуден соң күз айында Головкинді аргентиналық Серхио Мартинес пен пуэрторикалық Мигель Котто арасындағы жекпе-жек жеңімпазымен кездестірмек. Дегенмен осыған дейінгі мәлімдемесінде Мартинес Коттоны жеңіп жатса, кәсіпқой рингтен кететінін айтып қалған болатын.

Естеріңізге салар болсақ, қазірдің өзінде Геннадий Головкин мен кіші Хулио Сесар Чавес кездесу күні мен өтетін жерін белгілеп қойды. Оған қоса айта кететін жағдай, командалар егер екі боксшының біреуі жекпе-жек өтетін күні белгіленген салмақтан (яғни 76,203 келіден артық) асып кетсе, қарсы жаққа айыппұл ретінде 1 миллион АҚШ долларын төлеуге де уағдаласып қойыпты. Бұл туралы Чавестің промоутері Боб Арум хабарлады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: 1boxing.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама