Головкин Рубионы екінші раундтан асырмады (видео)

О Сансызбай Корреспондент

Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) «StubHub Center» аренасында өткен жекпе-жек көпке созылмады. Бірінші раундта WBC жүйесінің уақытша чемпионы Марко Антонио Рубио Генаға соққыларын дарытпақ болған. Бірақ, GGG қарсыластың ойын жүзеге асырмады. Ал екінші раунд жерлесіміздің айқын жеңісімен аяқталды. Геннадий Головкиннің жойқын соққыларына төтеп бере алмаған қарсылас нокаутқа түсті. Бас қазы Джек Реисс өз уақытын санап, жұдырықтасуды жалғастыруын күтті. Бірақ, Рубио дер кезінде орнынан көтеріліп үлгере алмады.

Осылайша, 32 жастағы отандасымыз кәсіпқой бокстағы 31-ші кездесуін жеңіспен аяқтады. Оның соңғы 18-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Марко Антонио Рубио болса, 67-ші жекпе-жегінде 7-ші рет жеңілді. Осы жылы төрт кездесу өткізуді жоспарлап отырған Геннадий үшінші қарсыласын да қиналмай жеңе біліп, әлемдегі мықты боксшылардың бірі екенін дәлелдей білді. Осыған дейін GGG ганалық Осуман Адама мен аустралиялық Дэниэл Гилді айқын басымдықпен жеңген болатын.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама