Головкин рекорд жаңартты

@ @assel_assanova Корреспондент
Фото ©️ tengrinews.kz

Нью Йоркте 18 қазан күні таңда IBF белбеулі канадалық Давид Лемьемен болған жекпе-жектен кейін осындай деңгейге жетті. Қазақстандық боксер ұзақ мерзімді жеңісін ұстап тұрып, сегізінші раундта канадалықтан титулды тартып алды. Оған қоса, ол 21 рет рингтен мезгілінен бұрын жеңіп кетті. 

Сонымен бірге, Геннадий Головкин 2012 жылы иеленген WBA титулын 15 рет табысты қорғап, 2014 жылы қазанда иеленген WBС белбеуінің уақытша үшінші қорғанысын өткізді. Сол үшін отандасымыз аргентиналық Карлос Монсонды басып озып, екінші орынға шықты. 

Орта салмақтағы санақ бойынша абсолютті рекордсмен 20 рет сәтті титулын сақтаған американдық Бернард Хопкинс екенін естеріңізге саламыз. Бұрынырақ Головкин бұл табысты қайталамақшы болғанын айтқан еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама