Головкин Мюрреймен болатын кездесуін Англияда өткізуі мүмкін
Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің сөзінше, біріншіден бұл қадам британдықтың АҚШ-қа виза алу мәселесіндегі қиындықтарға байланысты жасалып отырған көрінеді. Алғашқыда қос боксшы арасындағы жекпе-жек 2-қараша күні Нью-Йоркте өтеді деп жоспарланған еді.
Леффлердің сөзінше, Мюррей орта салмақтағы үздік боксшылардың қатарынан саналады. Оған дәлел ретінде ол Мюррейдің осы салмақтың королі аргентиналық Серхио Мартинеспен болған кездесуін атады.
"Егер Геннадий мен Мартин арасындағы кездесуді Штаттарда өткізе алмасақ, бізге оны ағылшын жерінде жасап көру де қызығырақ болатын еді. Маррей, Мэттью Маклин, Даррен Баркер, Энди Ли, бұлардың барлығы да - орта салмақтағы Ұлыбританияның нағыз шебер боксшылары. Сондықтан біз Головкиннің атын Англия да тану үшін осы елде кездесуге қарсы емеспіз",-дейді Леффлер.
Естеріңізге салсақ, 30-маусым күні жерлесіміз Геннадий Головкин басқа бір британ боксшысы Мэттью Маклинге қарсы өз атағын қорғап қалу үшін кездесу өткізген еді. Қазақстандық үшінші раундта-ақ қарсыласының бауыр тұсына ауыр соққа жұмсап, нәтижесінде Маклин ауыр нокаутқа түсіп қалды. Осылайша Головкин 27 кездесудің 25-ін нокаутпен аяқтады.
Одан бөлек, тағы да бір қуанышты хабармен бөліссек. Геннадий Головкин американдық Эдриен Бронермен бірге WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) тұжырымы бойынша маусым айының ең үздік боксшысы атаныпты. Қазіргі кезде WBA рейтингісінде Генадан жоғары тек аргентиналық Серхио Мартинес тұр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: vesti.kz