Головкин: Монродан кейінгі қарсыласым Котто болуы мүмкін

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент

«Мен қарсыластарымды әртүрлі әдіс-тәсілмен ұрып құлатқым келеді. 12 раундтық жекпе-жек өткізсем, тіпті қызық болар еді. Монро туралы айтар болсам, ол осыған дейінгі қарсыластарымның ішіндегі тәсілі өзгеше боксшы. Сондықтан, 16 мамырда бокссүйер қауым тамаша шоудың куәсі боларына сенімім мол», – деді боксшы. 

Сондай-ақ, ол Монродан кейін Мигель Коттомен кездесу үшін әрекет ететінін тілге тиек етті. Сөзінің соңында отандасымыз америкалық Флойд Мейвезермен жұдырықтасқысы келетінін тағы бір айтып өтті. Бұл жөнінде Головкин: «Қазір Флойдқа қарсы шаршы алаңға шығу арман болып тұр. Онымен кездесу үшін жеңіл салмаққа өтуге де дайынмын», – деді. 

Айта кетейік, 16 мамырда Геннадий Головкин кезекті рет чемпиондық атағын қорғау үшін Вилли Монромен айқасқа түседі. Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлауда.

сурет: sports.yahoo.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама