Головкин Мейвезермен немесе Пакьяомен кездесуді армандайтынын айтты

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

"Иә, олар pound for рейтингінің біріншісі мен екіншісі. Бұл менің арманым - Флойдпен немесе Мэннимен жұдырықтасу. Менің салмағым - 160 фунт, олардыкі - 147. 154-те біз кездесу ұйымдастыра алатын едік. Бұл үлкен келісімшарт болар еді", - деп келтіреді Головкиннің сөзін Boxingjunkie.com.

Әлемнің ең атақты боксшыларымен кездесуге қол жеткізудің қиындығы жайлы сұраққа Головкин күлкімен жауап берді: "Өмірім осындай. Біреудің менімен кездескісі келмегені үшін ренжіп, ашуланбаймын".

Геннадий Головкин келесі кездесуін 16 мамырда Лос-Анджелесте америкалық кіші-Вилли Монромен өткізеді. Ол WBC белбеуіне таласып көрмек. "Монро мен үшін қиын қарсылас, себебі ол солақай. Оның жылдамдығы жақсы, бірақ мен қандай қарсылас болмасын, жеңіп кететін мүмкіндігім болғанын қалаймын", - деді қазақстандық боксшы. 

сурет: tn.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама