Головкин Мейвезерді нокаутқа түсіреді - Абель Санчес

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент
Фото ©️ tn.kz

Санчес кіші Мейвезердің Андре Бертоға қарсы жекпе-жектен кейін зейнеткерлікке шықпайтынына сенімді, айта кетейік, кездесу 12 қыркүйекте Лая-Вегаста өтеді. Оның ойынша, Мейвезер өзінің кәсіби мансабын жалғастыру үшін және 50-жеңісіне қол жеткізу үшін боксқа келесі жылы қайта оралады. Бапкердің сөзіне қарағанда, ағылшын боксшысы Головкинді қарсылас ретінде таңдаса, оны қазақстандық нокаутқа түсіреді.

"Менің ойымша, ол (Мейвезер) жұдырықтасуды жалғастырады. Мейвезер - бизнесмен, сондықтан оған бар болғаны мансабын аяқтап, рекордын сақтап қалу ғана керек болуы мүмкін емес, - деп келтірді Санчестің сөзін sportstalk200.com сайты. - Менің ойымша, ол қарсыластарын іздейді, егер біз солардың қатарында болсақ, Головкин айтқандай, ол оның арманындағы жекпе-жек болады. Егер ол кездесу өтсе, мынаған сөз бере аламын: жекпе-жек 2 мамырдағы кездесуді (Мейвезер Пакьяоны жеңген кездесу) қайталамайды және Головкин Мейвезерді нокаутқа түсіреді", - деді ол.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама