Головкин мен Уорд арасындағы жекпе-жек келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін
«Біз осыны қалаймыз. Бүгін мен Геннадийдің промоутері Том Леффлермен сөйлестім. Басты сұрағым - «қашан?» болды. Біз жекпе-жек келесі жылы ұйымдастырылуы мүмкін деп ойлаймыз. Салмақ дәрежесін талқылаған жоқпыз. Головкин көтерілуге қарсы емес деп ойлаймын. Оның барлығы уақыттың еншісінде. Жекпе-жек өтеді. Оны күтудеміз», - деген Принцтің сөздерін келтіреді The Sweet Science.
Қаңтар айының басында Андре Уорд Roc Nation промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Басылымның жазуынша, оған қол қойғаны үшін Уорд Roc Nation-нан 2-3 миллион доллар көлеміндегі бонусты алған. Бұл ретте Уордтың жекпе-жектер үшін кепілдендірілген гонорары жетісандық соманы құрайды.
сурет: youfight.info