Головкин мен Сондерстің командалары жекпе-жек өткізуге келісе алмады

Жас Исакаев Корреспондент
Фото ©️ khabar.kz

Головкиннің командасы Сондерске 23 сәуірде Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында кездесу өткізуді ұсынған. Алайда ағылшынның командасы бұл ұсыныстан бас тартқан. "Олардың сәуірге арналған кездесу өтпейді", - деп мәлімдеді Уоррен. - Меніңше, мұндай жекпе-жек стадионда өтуі тиіс. Мен бұл жекпе-жектен қашып отырғам жоқ, Билли жұдырықтасқысы келеді, бірақ ол ақылға қонымды болуы керек. Менің ойымша, жекпе-жек жақсы жағдайда тиімді уақытта өтуі тиіс. 

Бірақ Уоррен Сондерстің жазда әзірше белгісіз бірақ маңызды бір кездесуінің өтетінін мәлімдеді, бірақ бұған дейін титулын қорғап қалу үшін кездесу өткізеді. "Біз қарсыластың аты-жөнін және кездесу өтетін уақытын атаймыз, ол тек жазда өтеді, мегафайт болады". Осылайша, 23 сәуірде Головкин IBF бойынша міндетті үміткер багам боксшысы Туреано Джонсонмен кездесетін болды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама