Головкин мен Мюррей жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты
Әлемнің бірнеше қалаларында (Монте-Карло, Астана, Лондон, Мехико) жанкүйерлерімен кездесу өткізген отандасымыз жақында ғана Мартин Мюрреймен өткізетін жекпе-жегіне дайындығын бастағанын хабарлаған еді. Алдағы уақытта қазақстандық былғары қолғап шебері АҚШ-тың «Big Bear» лагерінде өзінің дайындығын шыңдайтын болады.
Геннадий Головкин мен британдық боксшы Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жек 21 ақпан күні Монте-Карлода (Монако) өтеді. Бүгін сатылымға шыққан ең арзан билеттердің құны – 203,5 еуро болса, ең қымбат билеттер – 1003,5 еуроға бағаланып отыр.
Сурет: boxingnewsonline.net