Головкин мен Деревянченко жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Фото ©️ ult.kz

Әйгілі "Madison Square Garden" алаңында өтетін бокс кешінде қарсыластар IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы Әлем чемпионы титулына таласады.

Сондай-ақ, аталмыш бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Эндрю Эрнандеске (20-7-2, 7 КО) қарсы қолғап түйістіреді.

"Қазақстан" РТРК" АҚ бокс кешінің барлық кездесулерін көрсету құқығына ие болды. Жекпе-жектерді "Qazaqstan" және "Qazsport" арналары тікелей эфирде ұсынады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан күні 05:00-ден басталады.

Сонымен қатар, телерадиокорпорация қазақстандық көрермендерге кездесулерді qazaqstan.tv және qazsporttv.kz cайттары арқылы, QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасы онлайн тамашалау мүмкіндігін ұсынып отыр.

Бұл кездесу Геннадий Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшарт бойынша екінші жекпе-жегі. Алғашқы кездесуде ол канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама