Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек биыл өтпейді
Бүгін тең түскен боксшылар қарымта кездесу өткізуге қарсы емес. Дегенмен жақын арада ұйымдастырылуы екіталай.
- Мен жыл соңына демаламын. Қарымта жекпе-жек келер жылдың мамыр немесе қыркүйек айында өтуі мүмкін. Бірақ нақты қашан өтетінін айта алмаймын. Бір анығы Канелоның дәуірі келді, - деді мексикалық боксшы.
Осы жекпе-жек келісімшарты бойынша Сауль "Канело" Альварес жеңілсе ғана қарымта кездесу өткізу туралы келісім бар болатын.