Головкин мен Адама жекпе-жегіндегі қазылардың есімдері белгілі болды

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Сонымен кездесуге Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) пуэрто-риколық Луис Пабонды бас қазы етіп тағайындады. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ол бізге күз айында Мәскеуде өткен украиндық Владимир Кличко мен Александр Поветкин арасындағы жекпе-жекке төрелік етуімен таныс.  

Ал боксшыларға рингтен тыс үш қазы ұпай береді. Олар: оңтүстікафрикалық Стэнли Христодулу, бельгиялық Филипп Вебеке және поляк Лешек Янковиак.

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин мен ганалық Осумана Адама арасындағы кездесу 1 ақпан күні Монаконың Монте-Карло ауданында өтеді. Осыған дейін 32 жасар Гена өзінің соңғы кездесуінде америкалық Кертис Стивенсті 8 раундтан кейін техникалық нокаутпен ұтып, өз атағын сәтті қорғап қалған болатын. Бұл оның кәсіби рингтегі 28 жеңісі (25 нокаут, бірде бір рет жеңіліске ұшырамаған) болып тіркелді. Ал ганалық Адама болса кәсіби мансабы жолында 25 рет жекпе-жек өткізіп, оның 22-сін жеңіспен аяқтаған. 3 кездесуде қарсыластарына жол берді.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: oversport.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама