Головкин мансабын қашан аяқтайды?

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ vk.com/ggolovkin

Келісімшарт үш жылға жасалған. Қазақстандық боксшы жылына екі жекпе-жек өткізуге міндеттелді. Өзара келісім аяқталғаннан соң Геннадий Головкиннің де мансабын аяқтайтын болады. Бұл туралы DAZN компаниясы ресми мәлім етті. Геннадий Головкин сәуір айында 37 жасқа толады, демек 40 жасында қолғабын шегегі іледі.

GGG жаңа келісімшарт бойынша алғашқы жекпе-жегін 8-ші не 16-шы маусым күні жекпе-жек өткізуі қажет. Қарсыласы белгісіз. Дегенмен қыркүйек айында орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альвареспен қолғап түйістіруі ғажап емес. Өткен жылдың желтоқсан мексикалық боксшы DAZN компаниясымен 365 миллион долларға келісішартқа отырған болатын. «Канело» 5 жыл ішінде 11 жекпе-жек өткізуге міндеттелді.

Естеріңізге сала кетейік, орта салмақта WBC, WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйек айында өткізген болатын. Мексикалық Сауль Альвареске қарсы кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімі бойынша жеңіліс тапты.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама