Головкин Лемьемен жекпе-жегі үшін 2 миллион АҚШ долларын алады

Серікбол Ерсін Корреспондент
Фото ©️ tengrinews

Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жектен  екі миллион доллар алады, ал оның қарсыласы болса кездесуге қатысқаны үшін бір жарым ммиллион доллар гонорарға ие болады. Бұл Головкиннің мансабындағы ең үлкен гонорар болып табылады.

Головкин мен Лемье жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қазақстандық боксшы 72,3 келіні көрсетсе, оның қарсыласы 72.48 келі болды. Екеуі де тиісті межеден асып кеткен жоқ.

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы кездесу 17 қазанда Madison Square Garden аренасында өтеді. Астана уақыты бойынша жекпе-жек жексенбі, 18 қазан күні таңертең басталады. "Қазақстан" телеарнасы таңғы сағат 6:55-тен бастап кездесуді тікелей трансляция жүргізеді.

Дереккөз: kaz.tengrinews

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама