Головкин – Лемье жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалай алады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Давид Лемье арасындағы кездесу 17 қазан күні өтеді. Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» кешінінде болатын тартысты кездесу НВО арнасының РРV жүйесі бойынша АҚШ-та ақылы түрде көрсетілетін болады. Қазақстандық боксшы бұл жүйе санатындағы кездесуге алғаш рет шыққалы отыр.

Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін мамыр айында кіші Вилли Монроға қарсы өткізіп, 6 раундта жеңген болатын. Қазіргі таңда отандасымыз 33 кездесуінің 30-ын нокаутпен жеңіп, орта салмақта үздік боксшылардың бірі атанып отыр. Ал Давид Лемье болса осыған дейін 36 кездесу өткізіп, 34-інде жеңген. 31 кездесуін мезгілінен бұрын аяқтаған. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама