Головкин - Лемье жекпе-жегі күздің басты кездесулерінің бестігіне кірді

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Фото ©️ tengrinews.kz

Бұл рейтингте Головкин - Лемье жекпе-жегі төртінші орында тұр. Тізімде олардан жоғары тұрғандар - Кличко - Тайсон Фьюри, Сауль Альварес - Мигель Котто жекпе-жектері. Ал көш басына Флойд Мейвезер мен Андре Берто кездесуі орналасты.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. 

Айта кетейік, букмекерлердің пікірінше бұл жекпе-жектің фавориті Головкин. Оның жеңісіне қойылып отырған коэффициент - 1,08, ал Лемьенің жеңісіне - 10. Ал Головкин - Лемье жекпе-жегінің тең аяқталуына 40 коэффициент беріліп отыр.

 
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама