Головкин: Кез келген чемпионға қарсы жұдырықтасуға дайынмын
GGG бүгін АҚШ төрінде польшалық Камил Шереметаға қарсы жұдырықтасты. Холливудта өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі 12 раундқа жоспарланған еді. Қазақстандық боксшы шаршы алаңдағы шайқасты 7 раундпен аяқтады. Қарсыласы жұдырықтасу үшін 8 раундқа шықпады.
Жекпе-жектен соң Головкин әсерімен бөлісіп, алдағы жоспарымен бөлісті:
"Мен сондай бақыттымын. Мұнда атмосфера керемет. Бокс қайта оралып, жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Оралдым. Маған уақыт керек болды. Ақыл толысты.
Шеремета тосынсый жасай алмады, өйткені бұл жоғары деңгей. Өзімді жақсы сезіндім. Дайындығым жақсы өтті, командама алғыс айтамын.
Төрт нокдаун болды. Камил мен командасына құрмет көрсетемін. Бірақ мен оны жеңдім. Таймингті, күш-қуатты және жекпе-жек барысын қадағалап отырдым. Жекпе-жек ұзағырақ өтті, өйткені жанкүйерлер ләззат алғанын қаладым.
Алдағы жекпе-жегіме келер болсам, кез келген қарсыласқа, чемпионға дайынмын. Оның ішінде "Канело" - Смит жұбының жеңімпазымен кездесуге де келісемін. Келесі жолы мықты жекпе-жек сыйлауға уәде беремін", - деді Головкин.
Геннадий Головкин 21-ші рет чемпиондық атағын сәтті қорғап, әйгілі Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Америкалық боксшы өз рекордын 1995-2005 жылдары орнатса, Гена бұл межені одан 2 жыл ерте (2010-2018) бағындырып шыққан еді.
Айта кетейік, Холливудтағы бокс кешінде қазақстандық Али Ахмедов те шаршы алаңға шыққан болатын. Эквадорлық боксшы Карлос Гонгорадан жеңіліп, чемпиондық атаққа қол жеткізе алмады.