Головкин Халықаралық Олимпиада комитеті президентімен кездесті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Шара аясында Қазақстан ҰОК басшысы мен Халықаралық Олимпиадалық комитет президенті Томас Бахтың кездесуі болып өтті. 

Бах мырза Геннадий Головкиннің әлемдік боксқа қосқан үлесіне жоғары баға беріп, оны World Boxing Олимпиадалық комиссия төрағасы болып сайлануымен құттықтады. Сонымен бірге алдағы ынтымақтастық жемісті болатынына сенім білдірді. 

Геннадий Головкин ХОК президентіне комиссияның егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын таныстырып, алдағы уақытқа жоспарланған міндеттерді атап өтті. Қос тарап та бокстың Олимпиада бағдарламасында қалуының, соның ішінде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін алдағы Олимпиада ойындарына енуінің маңызы зор екенін баса айтты.

Сонымен бірге Қазақстан ҰОК президенті жаңа тағайындалған Panam Sports президенті және Чили ҰОК  басшысы Невен Иличпен кездесті.

Геннадий Головкин Невен Иличті Panam Sports Бас ассамблеясы аясында Олимпиадалық комиссияның жұмысына ұсынған алаң үшін алғыс білдірді. Невен Илич өз кезегінде толықтай қолдау көрсетуге және бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. 

Айта кетейік, Panam Sports Бас ассамблеясы аясында World Boxing Олимпиадалық комиссиясы Оңтүстік және Солтүстік Америка Ұлттық Олимпиадалық комитеттерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама