Головкин Гилді үшінші раундтан асырмады (видео)
Бірінші раундтан кейін-ақ жұрт жылдам боксшы деп таныған Гилдің әлеуеті белгілі болып қалды. GGG бірден шабуылға шығып, қарсыласын қыспаққа ала білді. Оңтайлы тұстарда өз соққыларымен қарсыласын сұлатуға асықты. Гонг үні естілісімен дем алуға асыққан аустралиялық боксшының қабағы жарылғанын байқадық. Екінші раундта Гена сабыр сақтап, күшін көп жұмсамай, қарсыласына мүмкіндік берді. Тізесі дірілдеп тіке шабуылға шығуға тіксінген Дэниэл бір рет тізерлеп те алды. Өзінен-өзі шалынды да. Айқын фаворит саналған қазақстандық былғары қолғап шебері үшінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Бірден орнынан тұруға асыққан Гил тепе-теңдікті сақтай алмады. Нәтижесінде жерлесіміз 30-шы кездесуінде чемпиондық атағын 11-ші рет сәтті қорғап қалды.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/STfxG8J4BU0#t","width":"450","height":"338"});
Жекпе-жек мәресіне жетісімен жерлесіміз «Madison Square Garden» спорт кешеніне жиналған жанкүйерлеріне алғыс айтуды да ұмытпады. Мезгілінен бұрын жеңуінің себебін де жеткізді.
- Бұл ойын емес – нағыз шайқас. Бірақ, мен қарсыласымның ұстанар жүйесін бірден білдім. Соның арқасында мезгілінен бұрын жеңіске жеттім. Мен әрқашан рингте керемет, тартысты және тартымды жекпе-жек өткізгенді қалаймын. Қолдау білдіргендеріңізге алғыс айтамын – деді «Суперчемпион».
Барша қазақ жұртын жеңістерімен құттықтаймыз!
Автор: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com