Головкин - Чавес кездесуінің тағдыры жақын арада шешіледі (промо-ролик)

Болат Қосмағамбет Корреспондент

«Қазір біз Головкиннің командасымен алдағы кездесуге байланысты келіссөздер жүргізу үстіндеміз. Чавестің командасы бұл жекпе-жектің өтуіне аса мүдделі. Бастысы - қазірдің өзінде кездесуге байланысты көп деталь келісіліп қойды. Менің ойымша, жақын аралықта екіжақ ортақ келісімге келіп, келісімшартқа қолдарын қоймақ. Әзірге тек бокс кешінің шілде айында Лос-Анджелесте өтетіні белгілі болып отыр»,-дейді Арум Allboxing.ru сайтына берген сұқбатында.

Кейбір ақпарат көздері Головкин – Чавес кездесуі 12 шілде күні Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) «Форум» атты жабық кешенде өтеді деп хабарлап үлгерді. Одан бөлек, қос боксшы арасындағы кездесу HBO арнасының PPV («Pay Per View» («төле де, көр» ауд.) форматында көрсетіледі деп күтіліп отыр.

Ал осыған дейін Геннадий Головкин мексикалық боксшымен жұдырық түйістіру үшін суперорта салмаққа көтеріледі (яғни қазіргі салмағына төрт келідей қосуы керек) деп хабарланған болатын. Демек, қазақстандық әлем чемпионының белбеулері бұл кеште сарапқа салынбайды.

Естеріңізге салар болсақ, Геннадий Головкин соңғы кездесуін биылғы жылдың ақпан айында Монакода өткізіп, оның қорытындысы бойынша ганалық Осумана Адаманы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал одан кейінгі кездесуін қазақстандық 26 сәуірге жоспарлаған еді. Алайда ол кездесу Головкиннің отбасында болған қайғылы жағдайға байланысты өтпей қалды.  

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/tKHp3Diai_I","width":"450","height":"320"});

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама