Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа берді
Қазақстандық спортшының хабарлауынша, аты аталған азаматтар жұмыс барысында түскен табыс жайлы есеп бермей, құжатта көрсетілген комиссия мөлшерінен әлдеқайда жоғары қаржы алған. Сонымен қатар, боксшының соңғы жекпе-жегін ұйымдастыруға қатынаспаса да, олар қаржы төлеуді талап еткен.
GGG бұл менеджерлермен іскерлік байланысын 2017 жылы үзген. Геннадий Головкин олардан бұрынғы келісімдерден алаяқтықпен алған $3,5 млн қайтаруды талап етіп отыр. Сондай-ақ, Головкин менеджерлермен өз байланысын ресми түрде үзетін соттың шешімін күтуде.