Головкин биыл тек бір ғана жекпе-жек өткізеді
Күзде GGG поляк боксшысы Камила Шереметаға қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды. Жекпе-жек қазан не қараша айында АҚШ-та өтеді деп күтілуде.
Ал Головкиннің мексикалық Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегі бұрын айтылғандай желтоқсан айында емес, келер жылы өтеді. Ringpolska басылымының мәліметінше, GGG командасы биыл тек Камила Шереметаға қарсы жекпе-жекті өткізуді жоспарлап отыр.
Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылы Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.