Головкин-Альварес кездесуі “Жыл жекпе-жегі“ атануы мүмкін
- 2017 жыл - бокс үшін тарихта қалатын жекпе-жектер көп болмақ, болды да. Алда Лас-Вегаста өтетін GGG - Canelo кездесуі "Жыл жекпе-жегіне" үмітті болары сөзсіз" - деп жазады басылым.
"Forbes" басылымы жекпе-жекте Геннадий Головкин мансабында ең жоғары сыйақыға ие болатыны туралы да жазған. Тіпті бұл кездесу қаржы табысы жағынан "ғасыр жекпе-жегіне" баланған Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо жекпе-жегін басып озуы да ғажап емес.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" кешенінде өтеді.