Головкин - Альварес жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Sportbox

Шаршы алаңдағы шайқасқа америкалық төреші Кенни Бейлис қазылық жасайды. Оған Эделейд Берд, Дэйв Моретти (екеуі де - Невададан) және Дон Трелла (Коннектикут) көмектеседі.

Көп жанкүйерлер жекпе-жек соңына дейін жалғасатын болса, төрешілер мексикалық боксшыға бұра тартуы мүмкін деген пікір де айтуда. Ал Головкиннің өзі болса бір сұхбатында кездесуді 12 раундқа дейін жеткізбейтінін айтты.

Естеріңізде болса 2014 жылы Лас-Вегаста Сауль Альварес төрешілер шешімі бойынша Эрисланди Лараны жеңді. Мексикалықтың жеңісі жанкүйерлер күдігін тудырғаны да рас.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама