Головкин – Альварес жекпе-жегі 2017 жылы өтуі мүмкін
- Жанкүйерлер Головкин - Альварес жекпе-жегінің өткенін қалайды. Пакьяо - Мэйвезер кездесуін олар 8 жыл бойы күткен. Жекпе-жек келесі жылы өтеді, біз сол кезде дайын боламыз. "Канело" 154 фунтта жұдырықтасады, ал Головкин 160 фунтта. "Канело" орта салмақта жұдырықтасуға дайын болғанда біз осы жекпе-жекті ұйымдастырамыз", - деді.
Сауль Альварес Амир Ханды жеңгеннен кейін WBC Геннадий Головкинмен жұдырықтасуды міндеттеген еді. Алайда "Канело" мен оның командасы бұл жекпе-жекті ұйымдастырудан бас тартып, чемпиондық белбеуді отандасымызға талассыз берген болатын.
- Мен Головкинмен кез келген уақытта, кез келген күні жұдырықтасуға дайынмын. Келіссөздер аяқталғанда, мен дайын боламын. Олар сол кезде қобалжитын болады. Мені 160 фунт салмақ мазаламайды. Мен күшті боксшымын. Бірақ ол салмақта өзімді қалай сезінетінімді қазір айта алмаймын. Алдымен бірнеше жекпе-жек өткізіп, байқап көремін. Мен әлемнің ең мықты ареналарында кездесу өткізгенмін. Алдағы уақытта Головкинді жеңіп, оның чемпиондық атақтарын иеленгім келеді, - дейді Сауль Альварес.
"Канело" қазақстандық боксшымен Мексикада жұдырықтасқысы келеді. Ал GGG болса онымен кез келген елде қолғап түйістіруге дайын екенін осыған дейін айтқан болатын.