Головкин "ақпан айының үздік боксшысы" деп танылды

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Головкин 2 ақпан күні Монакода чемпиондық атақтарын қорғау үшін ганалық Осумана Адамаға қарсы қорғап, жетінші раунда техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл жеңіс қазақстандық боксшы үшін 29 кездесудегі 29-шысы саналады. Ол оның 26-сын (соңғы 16 кездесу) уақытынан бұрын аяқтады.  

Айта кетейік, аталмыш басылым Головкин – Адама кездесуін де «ақпан айының» үздігі деп таныды.

Осыған дейін Геннадий Головкинді Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қаңтардың үздігі деп тапқан болатын. Қазақстандық боксшы ендігі кездесуін 26 сәуір күні өткізеді деп күтілген еді. Алайда Головкин отбасында болған жағдайға байланысты кездесуге шығудан бас тартты.  

Батыстық БАҚ хабарлауынша, Геннадий Головкин рингке биылғы жылдың шілде айында оралуы мүмкін. Оның сол кездегі қарсыласы ретінде көпшілік Хулио Сесар Чавес кішіні айтып отыр.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: akboxing.ru

 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама