Головкин WBC конвенциясына қатысу үшін Қытайға барды
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) конвенциясы 1-7 қараша аралығында Қытайда өтеді. Головкин қазіргі кезде Мигель Котто иелік ететін WBC белбеуіне негізгі үміткер болып отыр.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен бапкерлері келесі кездесуін 2016 жылдың ақпан айында өткізуді жоспарлап отыр. Сауль Альварес пен Мигель Котто арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы отандасымызбен жұдырықтасуы тиіс.