Головкин 400 мың доллар сыйақы алатын болды

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Одан бөлек, осы бокс кешінде рингке көтерілетін басқа да боксшылардың сыйақылары белгілі болды: Магомед Абдусаламов, Ресей (40 мың доллар) – Майк Перес, Куба (30 мың доллар), Ола Афолаби, Ұлыбритания (20 мың доллар) – Лукаш Яник, Польша (20 мың доллар).

Қазақстандық боксшы өзінің соңғы өткізген жекпе-жегінде британдық Мэттью Маклинді үшінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен болатын. Ал Кертис Стивенс болса, 4 тамызда мексикандық Сауль Романмен болған кездесуде қарсыласын бірінші раундта-ақ құлатып, жеңімпаз атанды.  

Осылайша Геннадий (GGG) Головкин осы күнге дейін 27 рет рингке көтеріліп, оның барлығында да жеңіске жетсе, 24-ін уақытынан бұрын аяқтады. Стивенстің еншісінде 25 жеңіс (18 нокаут) және үш жеңіліс бар.  

Естеріңізге тағы да сала кетсек, Нью-Йорктің Madison Square Garden спорт кешенінде өтетін Головкин мен Стивенс арасындағы жекпе-жекті KazSport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Бокс кеші 3 қараша күні Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 7.00-де басталады. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: allboxing.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама