Головкин 2014 жылы 4 кездесу өткізеді
Қазақстандық былғары қолғап шебері алғашқы кездесуін 1 ақпан күні өткізбекші. Әзірге Монте-Карлода (Монако) болатын кездесудегі жерлесіміздің қарсыласы белгісіз.
Генадий Головкин (GGG) 2013 жылы да 4 кездесу өткізді. 19 қаңтарда қазақстандық боксшы америкалық Габриэль Росадоны 7 раундта техникалық нокаутпен жеңсе, 30 наурызда жапон Нобухиро Ишидоны 3 раундта-ақ нокаутпен тізе бүктірген-ді. 29 маусымда британ елінің боксшысы Мэттью Маклинды да 3 раундта нокаутпен жеңді. Сонымен қатар екі күн бұрын америкалық Кертис Стивенсті 8 раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBA белбеуін қорғап қалды.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 2010 жылдан бері өз белбеуін тоғыз рет қорғады. 28 кездесу өткізіп, соның бәрінде жеңіске жеткен (25 нокаут). Соңғы 15 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: grantland.com