Гном - қазақ күресінен Еуропа чемпионатының символы
Осыған дейін атап өткендей, қазақ күресінен Еуропа чемпионаты Польшаның Вроцлав қаласында өтеді. Бұл қала өзінің ерекше архитектурасы, қонақжайлығымен ғана емес, қала ішіндегі көптеген гном ескерткіштерімен ерекшеленеді. Кейбір деректерде алғашқы 40-сантиметрлік гном ескерткіші Вроцлав қаласында 2011 жылы салынған. Содан бері қала ішінде түрлі гном ескерткіштері көбейе бастаған.
Бүгінде Вроцлавтағы көптеген ұйымдар мен фирмалар тарихи жәдігер ретінде гномдарға арнайы тапсырыс беріп, оны орнатуды дәстүрге айналдырған. Сәйкесінше, гномдар қазіргі таңда қаланың туристік брэндіне айналды. Тіпті, гномдар орналасқан көшелерге арнайы карталар жасалған.
Егер қазақ күресінен Еуропа чемпионатының биылғы "тұмарына" назар аударар болсақ, біздің гном қазақ күресінің арнайы формасын киген. Басқлардан ерекшелігі де осы.
Алдағы Еуропа чемпионатының "тұмары" бүгінде қазақ спорты тарихының бір бөлігіне айналып үлгірді. Себебі, Халықаралық Qazaq quresi федерациясы – спорт сүйер қауымды ғана емес, әлем және Еуропа чемпионаттарын өткізуге мүдделі тұлғаларды біріктіретін Қазақстандағы спорттық бірлестік.
Вроцлав қаласының қонақтары мен тұрғындары гном жанында естелік суретке түсіп қана қоймай, өз арман-тілектерін тілеуді дәстүрге айналдырған.