Геворг Казарян «Айнтрахт» сапында ойнамайтын болды

Шерхан Талап Корреспондент

«Айнтрахт» командасының бас бапкері Торстен Либеркнехт Геворг Казарянның әлі де назарында болатынын жеткізген екен. Торстен Либеркнехт: «Казарянның Армения құрамасы сапында өнер көрсететіні туралы көп нәрсе айтуға болады. Геворг – техникалық дайындығы жақсы ойыншы. Біз әлі де оның алдағы қадамдарын жіті бақылауға алатын боламыз», - деген екен. Неміс баспасөзі 5 қантар күні Казарянның «Айнтрахт» командасы сапындағы алғашқы жаттығу өткізгенін жарыса жазған болатын. Неміс командасы жақын күндері оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Испания еліне сапар шегеді.

Естеріңізге сала кетсек, Геврог Казарян 2013 жылдың жазында қарағандылық «Шахтер» командасының қатарын толықтырған болатын. Ол қарағандылық команда қатарында өткен маусымда өзін жақсы қырынан таныта білген футболшылардың бірі. Өзінің әдемі ойын өрнегімен Еуропа Лигасында да «кеншілер» ұжымын алға сүйрей білді. Желтоқсан айында ойыншының келісімшартты әрмен қарай жалғастырмайтыны белгілі болған еді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: sport-express.ua 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама