Геннадий Головкин үздік ондықтағы орнын сақтап қалды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Америкалық танымал спорт порталы "Bleacher Report" ұсынған бұл тізім, бүгінгі, барлық салмақ дәрежесі бойынша әлемнің ең үздік боксшысы саналатын америкалық Флойд Мейвезер мен аргентиналық Маркос Майдана арасындағы чемпиондық жекпе-жектен кейін жаңартылып отыр. Естеріңізге сала кетсек, Лас-Вегас қаласында болған жекпе-жекте 37 жасар америкалық Флойд Мейвезер төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

Үздік боксшылар тізімінде отандасымыз Геннадий Головкин тоғызыншы сатыда орналасқан. Бұл тізімнің көшін кеше ғана жеңіске жеткен америкалық Флойд Мейвезер бастап тұр. Екінші сатыда тағы бір америкалық боксшы Андре Уорд жайғасқан. Филиппиндік Мэнни Пакьяо үздік үштікті қорытындылап тұр.

Геннадий Головкин қазірге дейін шаршы алаңға 29 рет көтеріліп, барлығында жеңіске жетіп, 26 жекпе-жегін накоутпен аяқтаған болатын. Отандасымыз осы жылдың 19 шілдесінде Лос-Анджелесте шаршы алаңға қайта көтеріледі деп күтілуде. Оның қарсыласы бұрынғы әлем чемпионы мексикалық кіші Хулио Сесар Чавес болмақ.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: notifight.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама