Геннадий Головкин – ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы

Massaget Корреспондент
Фото ©️ kazangapov.kz

GGG-дің биыл тапқан жалпы табысы 25,5 млн доллардан асып үлгерді. Оның 23,5 млн доллары - Роллспен айқасы үшін гонорар, ал 2 млн доллар - демеушілік келісімшарттардан түскен. Forbes рейтингінде Головкин 95-орынға тұрақтаған және посткеңестік елдер арасында тізімге енген жалғыз спортшы атанды.

Еске сала кетсек, канадалық боксшы Стив Роллспен кездесу Головкин үшін Dazn алаңындағы алғашқы айқас болды. Dazn-мен келісімшарт аясында 100 млн долларға бағаланған тағы бес кездесу жоспарланып отыр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама