Геннадий Головкин Олимпиададағы шындықтың бетін ашты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ en.tengrinews.kz

Геннадий Головкин 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль иеленген болатын. Финалда ресейлік Гайдарбек Гайдарбековке қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңілген еді. Бұл кездесу туралы боксшы араға 12 жылы сала өз ойы мен шындықты айтты.

- Ресейлік сол кезде жеңді. Шын жеңген жоқ бірақ. Алайда бәрі дұрыс. Бұл менің өмірім, менің тәжірибем. Мен бұл жарыстардың қалай өтетінін білемін", - деп мәлімдеді ол.

Геннадий Головкин финалдағы жеңілісін алдын ала білгенін айтады. Оған бұл туралы ресми өкіл хабарлаған, алайда GGG оның есімін құпия қалдырды.

- Менің есімде, жартылай финалда маған келіп былай айтты: "Алтын медальды тек бір қазақстандық алады" Мен айттым:"Жақсы. Дайынмын деп". Осыдан кейінгі айтқаны: "Алтынды сен алмайсың, бірінші орта салмақтағы спортшы алады". Мен таңғалып оған "Не? Менің ойымша, финалда қарсыласымды жеңген едім" -деді.

Екінші раундтан соң қанша ұпай болғанын білмеймін, бапкерім маған "шабуылды тоқтатпа, ұра бер" - деді. Мен "жақсы, жақсы" дедім. Егер мен сол кезде жеңгенімде бәлкім спорттық мансабымды аяқтар ма едім", - деді Головкин.

Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіпқой боксқа 2006 жылы ауысқан болатын. Осы күнге дейін отандасымыз 35 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңген. Оның 32-сін нокаутпен аяқтаған. Келесі кездесуін 10 қыркүйек күні Лондонда британдық Келл Брукқа қарсы өткізеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама