Геннадий Головкин Лондонда ашық жаттығу өткізді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

GGG 10 қыркүйек күні  Лондондағы «О2» аренасында британдық Келл Брукпен жұдырықтасады. Жекпе-жек алдында Гена бұқаралық ақпарат құралдары және жанкүйерлеріне арнап, ашық жаттығу өткізді. Отандасымыз Ұлыбританияда алғаш рет кездесу өткізбек.

Айта кетейік, Келл Брук бірінші орта салмақта жұдырықтасып келген боксшылардың бірі. Осыған дейін 36 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 25-де қарсыласын нокаутпен ұтқан. IBF чемпиондық атағына ие. Соңғы жекпе-жегін наурыз айының 26 жұлдызында өткізген. Шеффилд (Англия) қаласында өткен жекпе-жекте канадалық Кевин Бизьені екінші раундта нокаутпен ұтқан. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама