Геннадий Головкин қазіргі заманғы әсер қалдырғыш боксшылар тізімінің екінші орнында тұр

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Фото ©️ tn.kz

"Монро Головкинді бірнеше рет ұрды, дегенмен қазақстандық боксшы мұны сәлемдесу ретінде қабылдап, кейін жауап қайтарды. Мұны big-drama show деп атайды", - деп жазды басылым. Айта кетейік, басылымның рейтингінде бірінші орында 24 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес тұр. Роман аса жеңіл салмақта 35 жастағы экс-чемпион, мексикалық Эдгар Сосаны уақытынан бұрын жеңген. 

Еске сала кетейік, 17 мамырда Головкин Вилли Монро кішіні нокаутқа түсірген. Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жегі үшін мансап жолындағы ең көп гонорар алады. Кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Головкин қыркүйек айында америкалық Флойд Мейвезер кішіге қарсы шығуға дайын екенін мәлімдеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама