Геннадий Головкин жарақат алып қалды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ news.sportbox.ru

Головкин мен оның командасы IBF ұйымына жекпе-жекті кейінге шегеру жайында өтініш білдірген. Егер қанағаттандырылатын болса, міндетті қарсылас саналған поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) болатын шаршы алаңдағы шайқас мамыр немесе маусым айына ауыстырылуы бек мүмкін.

Бастапқыда Геннадий Головкин ақпан айында жекпе-жекке шығады деп күтілген. Кейіннен наурызға шегерілді. Одан кейінгі ақпараттар бойынша 11 сәуір күні өтуі мүмкін деп болжанған еді.

Қазақстандық боксшы жіліншігінен жарақат алған. Қашан толық айығатыны әзірге белгісіз.

Геннадий Головкин IBF чемпиондық атағын 5 қазан күні Нью-Йоркте Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жекте жеңіп алған еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама