Геннадий Головкин ХОК басшысы Томас Бахпен кездесу үшін Лозаннаға барды
Аталған жұмыс сапары халықаралық спорттық байланыстарды нығайтып, Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалысты бірлесе дамыту жолында маңызды қадам болмақ.
Бүгін, 22 мамыр күні, бас хатшы Жанар Утешева мен Қазақстан ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербектен құралған делегация ХОК-тың штаб-пәтері саналатын Лозаннадағы Олимпиадалық үйге барды.
Қазақстан ҰОК өкілдеріне арнап түрлі Олимпиадалық қозғалыстың заманауи дамуындағы түрлі аспектілер мен ерекшеліктерді қамтыған таныстырылым өтті.
Қазақстан ҰОК делегациясының жұмыс сапары аясында түрлі ХОК департаменттерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Айта кетелік, аталған іс-сапардың басты оқиғасы – Геннадий Головкин мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах арасындағы кездесу болмақ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!