Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына орта салмақта осы уақытқа дейін өткізген жекпе-жектеріндегі нокауттарының пайыз көрсеткіші бойынша еніп отыр. Жекпе-жектеріндегі нокауттар санын пайызға шаққанда 91,67-ге тең.

Қазақстандық боксшы 36 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 33 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

Геннадий Головкинге Гиннес рекордтар кітабының сертификаты Голливудта өтіп жатқан «WBC» 54-ші конвенциясында табысталды. Сонымен қатар, осы шарада қазақстандық боксшы тағы екі марапатқа ие болды. «WBC» Головкинның Келл Брукпен өткізген жекпе-жегін «Жыл оқиғасы» деп бағаласа, сондай-ақ қазіргі таңдағы ең мерейі үстем боксшы ретінде арнайы сый табыстады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама